«Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ
Мемлекеттік мекемесінің ресми сайты
Главная Іс шаралар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын халыққа насихаттау бойынша кездесудің № 5 ХАТТАМАСЫ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын халыққа насихаттау бойынша кездесудің № 5 ХАТТАМАСЫ

Опубликовано: 30 марта 2017

27.03.2017ж., сағат 11.00                                                        Жезқазған қаласы

Ішкі істер басқармасы

 

 

Қатысқандар: Х.И. Бөлен- Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің тарих, құқықтану және өнер кафедрасының аға оқытушысы, «Жезтағылым» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, З.С. Чумакова – «Аманат» ақпараттық орталықтың директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, еңбек ардагері, Ж.А. Жетпісбай – қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, хатшы;

Жезқазған қаласының ішкі істер басқармасының қызметкерлері қатысты. 

Күн тәртібі:

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауды халыққа таныстыру

 

Кездесу барысы:

Кездесуді Т.Т. Мұқанбетқалиев жүргізіп, келген облыстық ақпараттық-насихаттау тобының мүшесін таныстырып,сөз кезегін Х.И. Бөленгеұсынды.

Х.И. Бөлен өз сөзінде: 31 қаңтардағы Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы НазарбаевҚазақстан халқына кезекті Жолдауын түсіндірді. Яғни бұл мемлекеттің мүддесін ескеретін стратегиялық тұрғыдан маңызды реформа. Біріншіден, ол мемлекет ұстанып отырған бағыттың тұрақтылығын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді даму мақсаттарына сай келеді. Екіншіден, бұл бағдарлама Қазақстанның әлемде болып жатқан өзгерістерге бейімделуіне сеп болады. Үшіншіден, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталғаның атап өтті.

«Аманат» ақпараттық орталықтың директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, еңбек ардагері З.С. Чумаковаөз сөзінде:

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»Біз жаңғырудың үшінші кезеңіне өтіуге аяқ бастық . Жаңғыртудың үшінші кезеңі аясында біздің ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуді және осы  жаңғыртудың үшінші кезеңі барысында көлік-логистика саласын дамытуға, сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және цифрлық қызмет көрсету бойынша шаралар ұйымдастырылатыны туралы айтып өтті.

 Яғни, енді елімізге экономиканың жаңа тетіктерін дамытып, озық технологияларды нарыққа көптеп енгізіп, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттігімізді арттырамыз. Жаңғыртудың үшінші моделі Қазақстан экономикасына серпін беруі тиіс. Ел экономикасының дамуына қосымша мультипликативті әсерін береді деп айтуға толықтай негіз бар екенің атап өтті.  
     Т.Т. Мұқанбетқалиев кездесу соңында Елбасының Жолдауын насихаттаған облыстық ақпараттық тобының мүшелеріне алғысын білдіріп, кездесуді аяқтады. Кездесуде қатысушылар белсенділік танытып, жақсы көңіл-күйде тарқасты. Қамтылуы 200 адам болды.

       Елбасы Жолдауы бойынша ақпарат-насихаттау тобының жұмыстары жергілікті БАҚ арқылы көпшілікке насиахатталды.

 

 

Кездесу соңында келесідей ұсыныстар берілді:

 

  1. Облыстық ақапаратық-насихаттау тобының мүшелері мекемелерде насихаттау жұмысын кең көлемде және түсінікті түрде жүргізу;
  2. Қала мекемелері мен ұйымдарында Жолдауды насихаттау бойынша кездесулерді бекітілген жоспарға сәйкес өткізу;
  3. Бұқаралық ақпарат құралдары өткізілген кездесулерді жариялау.

 

Хатшы                                                                        Ж. Жетпісбай