ГУ "Отдел внутренней политики г.Жезказгана"
Официальный сайт государственного учреждения
Главная Информация Архив
Опубликовано: 02 июля 2012

 «Жезқазған қаласы кәсіпкерлік бөлімі» ММ –і бойынша 2012 жыл басынан атқарылған жұмыстар туралы бөлім бастығы К.Смағұловтың есебі

 
2012 жылдың қаңтар-сәуір айында өнеркәсіп өнімі көлемі 69 млрд. 593,8 млн.теңгені құрады. Бұл жоспарланған (34 млрд. 902,8 млн. теңге) көрсеткішке 199,4 пайызды және 2011 жылдың сәйкес мерзіміне 93,1 пайызды құрады (2011 жылдың сәйкес мерзімі – 74 млрд. 732,5 млн.теңге).Нақты көлем индексі 88,1 пайызды құрады.
 
Анықтама: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-гі Жезқазған алаңы жалпы өнеркәсіп өнім көлемінің (78,5%) негізгі үлесін алады.
Бұл кәсіпорын бойынша өнеркәсіп өнімі көлемі 54,6 млрд. теңгені құрады, немесе 2011 жылдың сәйкес мерзіміне 81,2 пайызды құрады (қаңтар-сәуір  67,3 млрд. теңге).
 «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-гі Жезқазған алаңы бойынша өндірістік өнеркәсіп өнім көлемінің төмендеуінің себептері:
- мыс концентратын шығару көлемі 87,1%, себебі: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің ақпараты бойынша өндірістік өнімді шығару ағымдағы жылы кәсіпорынды стратегиялық дамыту жоспарына сәйкес орындалуда және өндірістің қазіргі бар деңгейін қолдауға бағытталған;
- рафинандты мыс 94,4%, себебі: мыстың концентраттағы шығарылуының азаюы;
- мыс катанкасы 58,9%, себебі: тұтынушылардан тапсырыстың азаюы.
 
Қала кәсіпорындары және ұйымдарымен негізгі капиталға 3 млрд. 748,4 млн.тенге күрделі қаржы енгізілді, бұл жоспарлық көрсеткішке 104,1 пайызды (жоспар – 3 млрд. 600 млн.тенге), өткен жылдың сәйкес мерзіміне (2 млрд. 815,9 млн.теңге) ағымдағы бағамен 133,1 пайызды, физикалық көлем индексі 126,4 пайызды құрады.
Жалпы негізгі капиталға еңгізілген күрделі қаржы көлемінің (пайызбен салалар бойынша) 45 пайызы өнеркәсіпке (22,9 пайызы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-гі Жезқазған алаңына), 40,0 пайызы ауыл шаруашылығына («Capital projects LTD» ЖШС), 1 пайызы саудаға, 3,5 пайызы көлік және байланысқа, 0,4 пайызы мейрамхана және мейманханаға, 10,1 пайызы басқаларға тиесілі.
 
Анықтама: Есептік кезеңде инвестиция салу көрсеткішінің өсуі «Capital projects LTD» ЖШС-ң «Ет бағытындағы құс фабрикасын құру» жобасы есебінен өсті. (1492 млн.теңге);
Есептік кезеңде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-гі Жезқазған алаңы бойынша негізгі капиталға 859,8 млн теңге көлемінде инвестиция салынды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 41,3 % (2079,1 млн.теңге).
 
Белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілер саны  4070 бірлікті құрады, оның ішінде 297 заңды тұлға және 3773 жеке тұлғалар. Бұл жоспарланған (4067 бірлік) көрсеткішке 100,0 пайызды және 2011 жылдың сәйкес мерзіміне (4033 бірлік) 100,9 пайызды құрады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен шығарылған өнім (жұмыстар мен қызметтер) көлемі 2 млрд. 755,6 млн. теңгені құрады, бұл жоспарланған (2 млрд. 755 млн.теңге) көрсеткішке 100,0 пайызды және 2011 жылдың сәйкес мерзіміне (2 млрд. 634,8 млн.теңге) 104,6 пайызды құрады.
Белсенді заңды тұлғалардың көрсеткіші қалалық рейтингке әсерін тигізеді. Бүгінгі күні 297 белсенді шағын кәсіпкерлік заңды тұлғалар бар, былтырғы жылғы кезеңмен салыстырғанда  41 бірлікке азайып тұр. Бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың 3 тоқсанында дұрысталуы тиіс (2011 жылдың 3 тоқсанында – 297 бірлік).
 
Белсенді заңды тұлғалардың күрт төмендеуі 2011 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінен 48 кәсіпорын белсенділерден шығарылды, оның ішінде: 36 кәсіпорын уақытша тоқтап тұрған категориясына ауыстырылған және 12 кәсіпорын ақпарат жоқтығынан  болды. (Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігінің  22.01.2011 жылға № 27 бұйрығы).
 
              Бөлшек сауда тауар айналым көлемі 6 млрд. 822,7 млн.теңгені құрады. Бұл 2011 жылдың сәйкес мерзіміне 125,8 пайызды құрады (2011 жылдың сәйкес мерзімі – 5 млрд. 423,9 млн.теңге).Нақты көлем индексі 108,6 пайызды құрады.
              2012 жылдың қаңтар-сәуір айларында 2 шағын бизнес объектісі ашылды, соның ішінде: 1 – құрылыс дүкені, 1 – офис. Жұмыспен  5 адам қамтылды.
            «BAYAN компаниясы» ЖШС-гі 2011-2012 жылдар кезеңінде өзінің жеке қаржы есебінен екі автоматтандырылған желілер іске қосты (7 жаңа жұмыс орны ашылды):
            1). Жоба құны 110 млн. теңге құрайтын «Табиғи шырынды құю желісі»;
            2). Жоба құны 74 млн.теңге құрайтын «Қатты көкөніс пен жемістерді қайта өңдеу желісі».
Қалалық статистика басқармасының ақпаратына сәйкес 2011 жылдың 15 желтоқсан мен 2012 жылдың 15 мамыр аралығында 9 түрлі әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасы төмендеген:
- 1-ші сұрыпты ұн 1 кг 73 теңгеден 70 теңгеге, төмендеу пайызы 4,1;
- қарақұмық жармасы 1 кг 334 теңгеден 280 теңгеге, төмендеу пайызы 16,2; 
- арпа жармасы 1 кг 122 теңгеден 120 теңгеге, төмендеу пайызы 1,7; 
- сөк 1 кг 174 теңгеден 167 теңгеге, төмендеу пайызы 4,1; 
- күнбағыс майы 1 литр 320 теңгеден 305 теңгеге, төмендеу пайызы 4,7;
- басты пияз 1 кг 90 теңгеден 77 теңгеге, төмендеу пайызы 14,5;
- қызылша 1 кг 110 теңгеден 90 теңгеге, төмендеу пайызы 18,2;
- сәбіз 1 кг 100 теңгеден 89 теңгеге, төмендеу пайызы 11,0;
- картоп 1 кг 75 теңгеден 65 теңгеге, төмендеу пайызы 13,4.
Осы кезеңде 12 әлеуметтік азық-түлік түрлерінің бағаларының өсуі көрсетілген:
- бірінші сұрыпты бидай наны 1 кг 71 теңгеден 88 теңгеге, өсу пайызы 23,9;
- сиырдың жауырын төс бөлігі 1 кг 977 теңгеден 1101 теңгеге, өсу пайызы 12,7;
- сүйегі бар қой еті 1 кг 965 теңгеден 1086 теңгеге, өсу пайызы 12,5;
- 3,2 %-ды айран 1 литр 186 теңгеден 189 теңгеге, өсу пайызы 1,6;
- сүзбе 1 кг 873 теңгеден 912 теңгеге, өсу пайызы 4,5;
- мәйекті қатты ірімшік 1 кг 1305 теңгеден 1338 теңгеге, өсу пайызы 2,5;
- тұздалмаған сары май 1 кг 1115 теңгеден 1140 теңгеге, өсу пайызы 2,2;
- 49 %-ға дейінгі сары май 1 кг 604 теңгеден 660 теңгеге, өсу пайызы 9,3;
- қырыққабат 1 кг 55 теңгеден 57 теңгеге, өсу пайызы 3,6;
- қант 1 кг 155 теңгеден 164 теңгеге, өсу пайызы 5,8;
- тұз 1 кг 30 теңгеден 34 теңгеге, өсу пайызы 13,3;
- шай 1 кг 1373 теңгеден 1402 теңгеге, өсу пайызы 2,1.
 
Бағаның өсу себебі: көтерме бағаның өсуі.
 
2012 жылдың 1 мамырындағы инфляция деңгейі Жезқазған қаласы бойынша 104,4 пайызды құрады (республика бойынша 105,0 пайыз,  облыс – 105,2 пайыз), оның ішінде азық-түлік тауарлары бойынша Жезқазған қаласы 100,4 пайыз, (республика 105,0 пайыз, облыс 104,0 пайыз).
2012 жылдың 14 мамырынан бастап қала наубайханалары (ЖК Бекбатыров, ЖК Гигаури, ЖК Даулетбаева, ЖК Ананьев, ЖК Максимова, ЖК Зырин, ЖК Маткенова және Ирбис ЖШС) 1 сұрыпты әлеуметтік нан бағасын сауда дүкендеріне 48 теңгеден босатуда. Қаламыздағы 156 сауда дүкендерінде 1 сұрыпты әлеуметтік нанның бір бөлкесі 50 теңгеден сатылуда.
         Жыл басынан бастап 20 азық-түлік жәрмеңкесі өткізіліп, онда 60 млн.теңгеден аса көлемде азық-түлік тауарлары сатылды.               
Ағымдағы жылда Индустриалдық картаға қосылған жобалар:
- «Ютария LTD» ЖШС «Тігу өндірісін жаңғырту мен кеңейту» жобаның жалпы құны 420 млн.теңге), қосымша 130 жұмыс орны ашылады. Жоба «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша іске асырылады.
Объектіні пайдалануға іске қосу мерзімі – 2012 жылдың қараша айы;
-  «Capital projects LTD» ЖШС «Ет бағытындағы құс фабрикасын құру», жобаның жалпы құны 2896,8 млн.теңге, қосымша 350 жұмыс орны ашылады. Жоба қаржылық лизинг бойынша «Қазагроқаржы» АҚ қаражатына іске асырылады;
Объектіні пайдалануға іске қосу мерзімі – 2012 жылдың қараша айы.
Анықтама: «Самға» ЖШС «Ферросиликалымарганецты шығару бойынша зауыт құрылысы» жобасы бойынша құны 750 млн. теңге, 85 жұмыс орны ашылады. Шикізат көзі – марганец кеніші, шыққан жері Қарағанды облысы (Атасу кен орны (Батыс Қаражал, Үш қатын ІІІ, Үш қатын І, Шығыс Қамыс, Жомарт), Сарысу-Теңіз кен аймағы (Тур, Богач, және тағы басқалар).
Өткізу нарығы – Қазақстан, Ресей, Қытай.
Жоба бойынша бөлінген жер телімі азықтық өндіріс кәсіпорнының аймағында болғандықтан, қоршаған ортаға әсер ету бағасы бойынша әзірлеушілер қазіргі уақытта жұмыстар орындауда.
2010-2014 жылдары ҚР ҮИИД іске асыру тетіктерінің бірі болып табылатын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2011 жылы төрт жоба мақұлданды, қаржыландырудың жалпы соммасы 522,3 млн.теңгені құрады:
       - «Ютария LTD» ЖШС «Тігу өндірісін жаңғырту мен кеңейту»                 (153 млн.теңге),  инфрақұрылымын дамытуға 14,9 млн. теңге бөлінді. (телефон желісі, электрэнергиясы, канализация және су желісі);
       - «Санрэй» ЖШС «Халықаралық тасымалдау» (36,2 млн.теңге);
       - «Әлел-М» ЖШС «Әйнек пакеттер өндіру желісі»  (10 млн.теңге). 2011 жылдың тамыз айында жоба іске қосылып, 6 жұмыс орны ашылды;
       - «Қазтехфильтр» ЖШС «Автокөлік, ауыл шаруашылығы мен басқа да арнайы техника үшін фильтрлерді шығару», 50 жұмыс орны ашылады.
                Фильтрді өндіруге арналған құрал жабдықтардың алғашқы партиясы келіп түсті.
Объектіні пайдалануға іске қосу мерзімі – 2012 жылдың қараша айы.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының 4-ші бағытындағы  «Іскерлік байланыс» жобасы бойынша «Жезқазған Сүт и К» ЖШС-нің басшысы М.П.Черняков екі кезеңдік оқудан өтті. 2011 жылдың тамыз айында Астана қаласындағы 2 апталық оқу және ағымдағы жылдың мамыр айында Дрезден қаласындағы  (Германия) 4 апталық оқу.
 
 
 
Кәсіпкерлік бөлімінің бастығы                                     К.Смағұлов